Білім

Қалалық білім бөлімінің жанынан “Рухани жаңғыру” жобалық кеңсесі ашылды

Жобалық кеңсе сондай-ақ, букроссинг, 100 жаңа есім және латын әліпбиін үйренуге арналған курстарды да қамтиды. Бастысы – аталған шараларға кез-келген қалалық мектеп оқушысы ат салыса алады.

Күлімкөз Қайырбайқызы – Қалалық білім бөлімінің жанындағы “Рухани жаңғыру” жобалық кеңсесінің жетекшісі:

– Барлық мектептермен бірігіп, елбасы жүктеген бағдарламаны іске асырмақпыз.

Шара барысында қалың көпшіліктің назарына “Өлкетану” және “Отаным-тағдырым” сынды жобалар ұсынылды. Соңғысын қаламыздағы 4 білім ошағының оқушылары дайындапты. Жасөспірімдердің сөзінше, бұл жастарға Елбасы жүктеген міндеттерді орындауға септеседі.

Дайана Кабашева – М. Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледж жанындағы мектеп-лицей оқушысы:

– Жоба 2018 жылдан бері жүзеге асады. Басты мақсаты – жастарды патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Бағдарламаны жүйелі түрде іске асырып, іс-шараларды ұйымдастыру үшін жобалық кеңсе мүшелері әр апта сайын жиын өткізбек.

 

Эльмира Садвокасова