Қоғам

Петропавлда құрылыс саласында 6 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі

Мұрат Аблаев, СҚО мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

– Өтініш беру және мемлекеттік қызмет қорытындысын алу Егов.кз порталы мен “Азаматтарға арналған үкімет” корпорациясы арқылы жүзеге асырылады. Барлығы электронды түрде жүргізіледі. 2017 жылдың 9 айында 77 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның 35-сіне лицензия берілсе. 42-сінен бас тартылды. Өйткені құрылыста білікті маман болуы шарт. Ондай азамат кәсіби біліктілігін, біздің өңірге тән құрылыс жобасын білуі мен талапқа сай екендігін аттестацияда сүрінбей өтуі арқылы дәлелдеуі тиіс.

Қазір 15 минуттың ішінде көрсетілетін мемлекет қызмет түрлері бар. Бірақ, құрылыста мұндай қызмет түрлері 6 мен 18 жұмыс күні аралығында беріледі. Петропавл қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімі мұндай 6 қызмет түрін көрсетеді екен. Оның ішінде қала тұрғындары көбіне “ҚР аумағындағы жылжымайтын мүліктің мекен жайын анықтау” және “Үй салуды жоспарлау” жайлы анықтама алу қызметтеріне көптеп жүгінген.

Далабай Қабдуалиев, Петропавл қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімінің сектор жетекшісі:

– Соңғы 10 айдың ішінде 4000-ға жуық қызмет көрсетілді. Олардың 17,8 пайызы бөлім қызметтері, ал 82,2 пайызын азаматттарға арналған үкімет арқылы көрсетілді.

Петропавл қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі тез әрі сапалы қызмет көрсетуге тырысамыз дейді. Оған қарамастан азаматтардан биыл 2 шағым түсіпті. Оның бірі жоққа шығарылса, екіншісі расталып, тұрғынға мардымсыз жауап берген қызметкер сөгіс алған.

Акбопе Танирберген