Құқық қорғау органдары

Тұңғыш Президент күніне орай құқық қорғау органдарының қызметкерлері марапатталды

Кәсіби шеберлігі мен біліктілігін танытқандардың қатарында Сәуле Андағұлова да бар. Құқық қорғау саласында ондаған жылдар бойы еңбек етіп жүрген нәзік жандыға “Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін” медалі табысталды.

Сәуле Андағұлова, СҚО ІІД штаб басқарма бастығы:

– Осы салада жұмыс істеп жүргеніме 25 жыл болды. Осы арада әр түрлі оқиғалар болды. Біз жедел-уәкіл қызметкерлерімен бірге қылмыскерлерді уақытымыз болды.

Ал Бекзат Чистобаев бұл салада 12 жыл адал қызмет атқарып келеді. Бүгінде полиция майорына дейін көтерілген ол ішкі істер органдарына желтоқсанның бірі күні орналасыпты. Жұмысым бір сарынды емес, керісінше қызықты оқиғаларға толы дейді. Қызмет барысында Бекзат Чистобаев түрлі отбасылармен кездесіп, кәмелетке толмаған жасөсрімдермен жұмыс істейді.

Бекзат Чистобаев, Петропавл ІІД ювеналды полицияның учаскелік аға инспекторы:

– 1-ші желтоқсан тұңғыш президентіміздің күні. Осы орайда бүкіл әріптестерімді құттықтаймын.

Сондай-ақ, бүгінгі шарада 3 полиция қызметкерінің желтоқсанның бірінде дүниеге келген балалары марапатталып, оларға бағалы сыйлықтар табысталды.

Жалпы 80-ге жуық тәртіп сақшылары марапатталды. Аталмыш шара концерттік бағдарламаға ұласты.

 

Молдир Макишева