МТРА жаңалықтары

Қарашаның 29-ы күні Н. Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында СҚО әкімдігінің ашық есік күні өтеді

Мұнда өңір жетекшісі Құмар Ақсақалов теріскейліктердің көкейлерінде жүрген кез-келген сұрақтарына жауап береді. Сондай-ақ, аталмыш шара аясында тұрғындар қалалық әкімшілік пен басқарма басшыларынан ақыл-кеңестер алуға мүмкіндік алады. Айта кетсек, аталған акция өңіріміздің барлық аудан орталықтарында да өтпек. Ашық есік күні сағат таңғы 10-00- ден 13-00 дейін созылмақ.

Тогжан Акмагамбетова