Құқық қорғау органдары

Өңірде үш күндік “Соғым” операциясы өтті

Аталмыш шараға 450-ге жуық солтүстікқазақстандық тәртіп сақшысы ат салысты. Солардың ішінде 35-і ветеринария бөлімінің мамандары. Шара аясында әр аймақта 76 мобильдік топ құрылып, олар ет өнімдері мен қара малды заңсыз тасмалдау мен заңбұзушылық фактілерін анықтады.

Сағындық Жантеміров – СҚО ІІД криминалдық полиция басқармасының бөлім бастығы:

– Алдын-алу шарасы барысында 14 қылмыстық іс әшкереленд.

Облыс орталығындағы базарлардың бірінің жанында Аққайың ауданының тұрғыны ұсталды. Ол сиыр етін саудаламақ болған. Тексеріс барысында ет өнімдерін сатуға қажетті құжаттардың жоқтығы анықталды. Ендігі кезекте заңбұзушы 20 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) көлемінде айыппұл төлейтін болады. Бұл 45 мың теңгеден асып түседі.

– Содержимое какое в машине?


– Мясо.

– Сколько килограммов тут?


– 100.


– Откуда мясо везли?


– Из Ленинского.


– Документы не успели взять, да?


– Ну.

Жыл басынан облыс бойынша 72 мал ұрлау фактісі анықталды. Қазіргі таңда оның 51-і әшкереленген.

Молдир Макишева