Құқық қорғау органдары

Өңірде «зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» атты акциясы бастау алды.

Теріскейлік полицейлер бұл акцияны насихаттауды тыл еңбеккері және ішкі істер органдарының ардагері Кристина Горлованың үйінен бастауды жөн көрді. Бұл кездесуге тәртіп сақшылары балаларын да ала келген. 1-ші сынып оқушылары Ойрат Бектас пен Алика Чебакова зейнеткерге гүл сыйласа, олардың ата-аналары азық-түлік сатып алыпты. Шараға қатысушылар алдағы уақытта да жәрдемді қажет етітін жандарға қол ұшын беруге дайын екендерін айтты.

Айту керек, жыл басынан отбасылық зорлық-зомбылық фактілері бойынша 750 әкімшілік хаттама толтырылып, 760 ұйғарым шығарылды. Жалпы аталмыш акция желтоқсанның 10-на дейін жалғаспақ.

Жулдыз Багит – Петропавл қалалық ІІБ ЖПҚ аға инспекторы:

– Қарашаның 25-сі мен желтоқсанның 10-ы аралығында “зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн” акциясы өтеді.

Молдир Макишева