МТРА жаңалықтары

164/3 түзету мекемесінде шахмат пен дойбыдан турнир өтті

Александр Новичков – жарыс төрешісі:


– Бұл біріншілікті жыл сайын өткізіп тұрамыз. Бүгінгі жарысқа 16 адам қатысуда, олар 8 үстелге бөлінген. 4 үстел шахмат, 4 үстел дойбыдан сынға түспек. Жеңіспен аяқталған партиялар саны көп құрама жеңімпаз атанбақ.

Нұрсұлтан Қосмағамбетов бұл колонияда қылмысы үшін жазасын өтеп отырған жандардың бірі. Бос уақытында шахмат ойнауды ермек етеді екен. Сондықтан бүгінгі турнирде бағын сынауды шешкен.

Нұрсұлтан Қосмағамбетов – жазасын өтеуші:

– Бұл турнирге бірінші рет қатысып тұрған жоқпын. Бүгінгі ойын тең дәрежеде өтіп жатыр. Әкімшілікке үлкен рахмет.

Ал Мәди Байбейісов болса облыстық қазақ зағиптар қоғамының мүшесі. Ақсақал қарсыласына мат қойып, алғашқы партияны жеңіспен аяқтады.

Мәди Байбейісов – “Қазақ зағиптар қоғамы” ҚБ СҚОФ мүшесі:

– Партияны жеңдім, себебі менің мәртебем биігірек шығар. Шахматты 50 жыл ойнап келемін.

Тұңғыш Президент күніне орайластырылған біріншілік қорытындысы бойынша облыстық зағиптар қоғамының мүшелері жазасын өтеушілерден басым түсіп, жеңіске жетті.

 

Саят Ермек