Аптадағы маңызды жаңалықтар

СҚО әкімі Қытайда инвесторлармен келіссөз жүргізді

Айта кетейік, бұл іс-сапар тамыз айында Петропавлда өткен аймақтық кеңесте жүргізілген келісімдер аясында ұйымдастырылды. Хубэй провинциясында 61 млн адам тұрады. Өңір экономикалық көрсеткіші бойынша Қытайдың үздік 5 аймағына кіреді. Сол себепті, СҚ-мен әріптестік орнатып, бірлескен жобаларды жүзеге асыруда маңызды стратегиялық серіктес бола алады.

 

Өткізілген жиындарға Бейжің қаласы мен Шаньдун, Хэнань, Цзянсу, Шэнси провинцияларынан келген кәсіпорындардың өкілдері де қатысты. Қалталы азаматтар теріскейге инвестиция құюға құлық танытып отырғандықтарын жеткізді. Кездесу соңында СҚО әкімдігі мен Хубэй аймағының халық үкіметі арасында ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды. Атап өту қажет, жуырда Қытай астанасы Бейжіңде өзара ынтымақтастық мәселелерін шұғыл шешуге арналған СҚО-ның кеңсесі ашылмақ.

Құмар Ақсақалов – СҚО әкімі:

– Біздің өңірде қайта өңдеу, машина жасау сынды салаларға инвестиция құюға ниетті қытайлық бизнесмендермен кездестім. Әрбір жиын бойынша жоба жасалды. Оларды жүзеге асыруға байланысты жол картасын әзірлеуді Дәурен Жандарбекұлы сізге тапсырамын. Ауыл шаруашылығы, туризм, спорт, денсаулық сақтау, білім беру басқармаларын жинап, олардың міндеттерін бөліп беріңіз.

Эльмира Садвокасова