Қоғам

Ш. Уәлиханов ауданының мәдени күндері өз мәресіне жетті

Әлия Ғазманова – Ш. Уәлиханов ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы:

– Рухани жаңғыру бағдарламасының аясында және Уәлиханов ауданының мәдениет күндерінің аясында біз ауданнан үлкен іс-шараларымызды алып келіп отырмыз.

Қанай Білалқызының ұлттық нақышта жасалған көрпешелері, тұмаршалары мен картиналары бұл көрменің сәніне айналды. 23 жыл бойы №1 Кішкенекөл орта мектебінің еңбек пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеп жүрген ұстаз бұл өнерін оқушыларына үйретіп жүр.

Қанай Білалқызы -№1 Кішкенекөл орта мектебінің мұғалімі, Ш. Уәлиханов ауданы:

– Мен оқушыларға сабақ бере жүріп қыздардың жасауын істеймін. Неше түрлі картиналар мен көрпешелер тігемін.

Концерттік бағдарлама аясында күміс-көмей әншілер мен мың бұралған бишілер көрермендерге ән мен биін тарту етті.

Концерттен жерлестеріміз рухани азық алып тарқасты.

– Маған концерт өте ұнады. Әсіресе орыс қызының казақ әнін орындағаны көңілімнен шықты.

– Ұйымдастырушыларға алғысымды білдіремін. Концерт жоғары деңгейде өтті.