МТРА жаңалықтары

Петропавлда “Мисс Татарочка” байқауы өтті

Даяна Курманова, сайысқа қатысушы, Петропавл қаласы:

– Мені сайысқа анам дайындады. Үстімдегі киімімді де тігуге көмектесті. Бүгінгі байқауда мен би билеймін. Жалпы бұл сайысқа біраз дайындалдым. Сол себепті жеңемін деген ойдамын. Қарсыластарыма сәттілік тілеймін.

Жалпы сайысқа 5 пен 10 жас аралығындағы арулар қатысты. Байқау ережесі бойынша, кішкентай қатысушылар өздерінің аспаздық өнері мен шығармашылықтарын ортаға салды. Сонымен қатар, өздері тігіп әкелген ұлттық киім үлгісін көрсетті.

Наиль Абраев, “Мисс Татарочка” байқауының ұйымдастырушысы:

– Тұңғыш перзидент күніне орай бүгін біз “”Мисс Татарочка” байқауын ұйымдастырып отырмыз. Қатысушылар 20 аталым бойынша бағаланады. Сайысқа Петропавл қаласы, Мамлют, Тимирязев, Есіл аудандарынан келген аруларымыз қатысады. Сайыскерлердің әрбіріне сыйлықтар табыс етіледі. Бұл байқау алғашқы рет ұйымдастырылып отыр. Алдағы уақытта да жалғасын табады деген ойдамын.

Байқауда Көкшетау қаласынан арнайы келген қатысушы да болды. Суфия Усманова «Мисс татарочка» сайысына қатысуға өзі ниет білдірген екен. Солтүстік көрерменді жас дарын әсем әнімен қуантты.

Ақылына көркі сай қыздардың өнері мен өрісін, білімі мен парасатын бағалау түрлі сала өкілдерінен құралған қазылар алғасына жүктелген.

Рашид Надиров, “Барбанг” мәдени орталығының төрағасы:

 

– Ең бірінші олардың киген киіміне, билерінің түріне назар аударамыз. 5-балдық жүйе бойынша бағалаймыз.

Байқау нәтижесі бойынша, “Мисс Татарочка” атағына петропавлдық София Искиндирова ие болса, вице-мисс атағын қаланың тағы бір кішкентай тұрғыны Венера Матушкевич пен көкшетаулық Суфия Усманова бөлісті. Сондай-ақ әр қатысушыға жекелей номинациялар тағайындалып, демеушілер атынан бағалы сыйлықтар тарту етілді.

 

Молдир Макишева