Қоғам

Облыс орталығында іскер әйелдерге арналған конференция өтті

Ал, соңғы уақытта олар жеке бизнес саласының да тізгінін мықтап ұстауда. Мәселен, өңіріміздегі 293 мың нәзікжандының, 83 пайызы жұмысқа жарамды. Солардың 84 мыңы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар. Жалпы, қыз-келіншіктердің басым бөлігі сұлулық салоны, балабақша, кафе, қонақүй сынды нысандарды ашуға бейім екен.

Ляйля Сайдашева – СҚО Кәсіпкерлер палатасының іскер әйелдер кеңесінің төрайымы:

– Жыл сайын бизнес вумендердің қатары көбейіп келеді. 3 жыл ішінде біздің кеңес осындай іскер азаматшаларға көмек көрсетуде. Дұрыс бағыт-бағдар беріп, туындаған мәселелерді шешеміз. Көбінесе, нәзікжандылар микронесие алу жөнінде жүгінеді. Барлығын түсіндіріп, қолайлысын табуға қол ұшын созамыз.

Жалпы, кәсібін ашып, нәсібін табамын деушілер үшін бүгінде мемлекеттік қолдау мығым. “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қорының өзі бірқатар бағдарламалар ұсынады. Мәселен, жыл басынан Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша 4 іскер азаматтың бастамасы қаржыланған. Атап өту қажет, олардың екеуі нәзікжандылар. Мемлекеттік қолдауға жүгінгендердің қатарында Айтыкан Колгаева да бар. Нәзік жанды бір жыл ішінде теріскейліктердің сүйікті мейрамханасына айналып үлгерген “Алтын орда” тойханасының құрылтайшысы. Бұдан бөлек, 2008 жылдан бері Астана мен Петропавл қалаларында орналасқан асханалар желісін басқарып келеді. Сондықтан, аталған саладағы тәжірибесі де мол.

Айтыкан Колгаева – “Алтын Орда” тойханасының құрылтайшысы:

Даму фонды арқылы несие алып, қазір қонақ үй салып жатырмыз. Жалпы, әйел адамдар үшін бизнес бастау ер адамдарға қарағанда қиын.

Ал, Әлия Башеева бизнес саласына 2000-шы жылдары бет бұрған. Алдымен, келіншек өзінің асханасын ашқан екен. Осы уақытқа дейін, түрлі дағдарыстардан өткен ол, енді балаларға арналған мектеп формасын дайындауды қолға алыпты. Нәзікжандының сөзінше, әйел адамдар келіссөз жүргізуге шебер. Сондықтан, кәсіпкер болуға да лайық.

Әлия Башеева – оқушыларға арналған мектеп формасы тігін фабрикасының директоры:

– Біздің тігін фабрикамыз осы жылдың 1-ші тоқсанында ашылды. Осы уақытқа дейін 35 адамды жұмыспен қамтыдық. 0-55 Оқушылардың мектеп формасын, мұғалімдерге біріңғай киім тігеміз.

Конференция барысында бизнес вумендер үшін түрлі тренингтер өткізілмек. Солардың бірі – кәсіпті дұрыс жүргізуге бағытталса, екіншісі ғаламтор жүйесінде тауарды өткізуге бейімделген.

Эльмира Сәдуақасова