Бизнес және экономика

ҚР Ұлттық банкінің облыстық филиалында 500 теңгелік жаңа купюра таныстырылды

Түс реңіне де жаңашылдық енгізілмепті. Тек, ҚР Ұлттық банкі директорының қолтаңбасы алынып тасталған. Және, бірқатар бейнелер салыныпты.

Диас Мэлс – “ҚР Ұлттық банкі” СҚОФ директорының орынбасары:


–  Ақшаның бір бетінде Қазақ елі монументі мен көгершіндер бейнеленген. Екінші бетінде Каспий теңізі мен Қазақстан шекарасы көрсетілген.

Жаңа купюра 22-ші қараша күні айналымға шықты. Қазіргі күні қазақстандықтар ескі қағаз ақшадан құтылуда. Отандастарымыздың дені бұл банкноттарды есеп айрысуға қолданса, кейбірі пайда таппақ ниетте. Мәселен, Қостанай қаласының тұрғыны ғаламторда ерекше 500 теңгені 10 мың теңгеге саудалап жатыр. Купюраның сериялық нөмірі жеті төрттіктен тұрады екен.

Нияз Бидалин – Қостанай қаласының тұрғыны:

 


–  Бұл купюраны маған 3 жыл бұрын такси жүргізушісі берді. Бір адамдарға керек болып қалар. Әсіресе, мұндайға нумизматтар қызығады. Сол себепті сатамын деп шештім. Банкноттың құнын өзім қойдым. Бағасын сәл түсіруге де болады. Жақында 2 адам хабарласты.

Айта кетейік, ескі дизайндағы 500 теңгелік ақша 2020 жылдың 10 шілдесіне дейін айналымда жүреді. Мерзім жеткен соң купюра пайдаға жарамыз болып қалады.

Байболат  Култанов