Құқық қорғау органдары

Полицейлер пробация қызметінде тіркеуде тұрғандарды тексеруде

ӘСЕТ СПАЕН – ПЕТРОПАВЛ Қ. ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

– Бірлескен жоспарға сәйкес пробация қызметі мен учаскелік полиция инспекторлары есепте тұрған тұлғаларды тұрғылықты мекен-жайы бойынша және жұмыс орындары бойынша тексеріп, профилактикалық әңгімелесулер өткізеді. Бүгінгі күнде пробация қызметінде СҚО бойынша 1057 адам есепте тұр. 423 адам тексерілді. Іздестірілгендер – 2 адам. Жаза өтеу тәртібін бұзғандар – 15 адам.

Құқықбұзғандарға жазбаша ескертулер берілді. Аяғын қайта шалыс басса, бұл қоғамнан аластату жазасымен алмастырылады. Тәртіп сақшылары пробация қызметінде тіркеуде тұрғандардың құқығы мен міндеттерін айқындап, база бойынша тексереді. Керек болса кеңес беріп, көмек көрсетеді.

Бұл шағын ауданда 20 мың адам тұрады. Мұндағы қоғамдық тәртіпті 9 инспектор қадағалайды. Учаскелік полицейлер жиында “Есепте тұрғандар” акциясын қорытындылап, есеп берді.

ЖАСҰЛАН АХМЕТОВ – ІІД ЖАНЫНДАҒЫ КОНСУЛЬТАТИВТІК-КЕҢЕСШІ ОРГАННЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

– Учаскелік полиция инспекторы атқарған жұмысы туралы есеп беріп, тұрғындар да сұрақтарын қойды. Олар өз көшелерінде жұмыс жасайтын учаскелік полицейдің қызметіне қанағаттанарлық деген баға берді. Араласып, мәселелер болып жатса, бірігіп шешеді екен.

«Есепте тұрған тұлға» жедел-алдын алу іс-шарасы қарашаның 24-не дейін жалғасады.

 

Акбопе Танирберген