Білім

СҚМУ “Қазақстанның мәдени және рухани мұрасы” талқыланды

Александр Зель – «Нұр Отан» партиясы «Болашақ» филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

– Бүгінгі шараның басты мақсаты Елбасымыздың “Рухани жаңғыру” мақаласындағы бағыттарын талдау. Пікірталасқа біздің студенттер белсенді қатысуда. Жастарға сұрақтар қойылып, тапсырмалар беріледі. Олар берілген тақырыптар төңірегінде өз ойларын білдіретін болады.

Жиынға туризм, педагогика, тарихшы мамандықтарын меңгеріп жатқан студенттер қатсты. Жастар басқосуда Елбасының Рухани жаңғыру мақаласының әр саласына қатысты дайындаған баяндамаларын оқыды.

Богдан Петров – М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-нің жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы:

– “Рухани жаңғыру” мақаласында діни және рухани өзгерістер туралы айтылған. Өйткені қазіргі кезде жастар үшін ұлттық, мәдени салт-дәстүрлерді жаңғыртуы керек.

Пікірталас барысында латын әліпбиі де назардан тыс қалмады. Жастар жаңа қаріпке көшу идеясын қолдайтындарын айтып өтті.

 

 

 

Мейірболат Ардагулов – М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-нің Қазақстан халқы ассамблеясының өкілі:

– Латын қарпі – қазіргі заман талабы. Сол себепті мен бұл идеяны қолдаймын. Десе де кириллицадағы қазақ тілі ұмыт болмауы тиіс.

Бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ғылым, білім, тұтастық сынды сөздердің жастар үшін маңызы зор. Шара соңында студенттер 6 топқа бөлініп, осы тақырыптар бойынша өз ойларын қағаз бетіне түсіріп, Елбасының мақаласында белгіленген міндеттерді жүзеге асыру бойынша ұсыныстарын жасады.

Молдир Макишева