Спорт

Петропавлда бильярдтан қала турнирі өтті

Олег Драчев 53-те. Қарсыласы Николай Уваров 75 жаста екен. Екеуі де бір деммен, әр шардың орналасуына дейін есептеп барып әрекет етуде. Бұл жерде бақ пен сәттілікке сену аздық етеді. Дәлдіктің рөлі басым. Психологиялық тұрғыда дайындықтың болуы да шарт. Екі ойыншы да мықты екен. Қазір есеп тең. Кім ортада қалған 8-ші шарды лузаға дөп түсіреді сол жеңімпаз.

Олег Драчев:


– Қарсыластар мықты. Бірінші партияда 8 де 7 болып жеңдім. Қарсыласым жеңіп кете жаздады. Мен бильярдты жас кезімде қызығып ойнайтынмын. Қазір кездесулер сиреп кетті. Қарсыласымның да кезінде бильярды мықты ойнағанын екені көрініп тұр.

Қарсыластар 2 кездесу өткізеді. Тең түссе, үшінші – шешуші кезеңде бақ сынайды. Ұйымдастырушылардың негізгі мақсаты: турнирді әділ өткізіп, мықтыны анықтау. Нәтижесінде үздік 8-дік облыс құрамасына еніп, республикада өңір намысын қорғайды.

Жанат Мұхамедгалеев, Петропавл қаласы спорт бөлімінің бас маманы:


– Бильярдтан ашық қала турниріне тек 50 жастан асқан ерлер қатысуда. Мақсат – республикалық турнирге үздіктерді іріктеу. Облыс құрамасының шығындарын СҚО спорт және дене шынықтыру басқармасы
көтереді. Тағы, бүгінгі шараны өткізуге осы залды беріп отырған “Bowling Centre №1” ойын-сауық кешеніне алғыс айтамыз.

Ал, Ел деңгейіндегі турнир қарашаның 30ы мен желтоқсанның 2-і аралығында Астанада өтпек. Оған бұл сайыста жеңген 8 жерлесіміз аттанбақ.

 

Молдир Макишева