Құқық қорғау органдары

Кісі өлтірген айуан жазасын тапты

Міне, 18-дегі Никита Терещенко осы. Ауылдасына 16 жерден пышақ сұғып, кейін қылмысын жасыру үшін мәйітін өзенге лақтырып жіберген қылмыскер бүгін де соттың оқыған үкімін ешбір эмоциясыз тыңдады. Есесіне, айыпталушының сотқа келген туған-туысқандары көз жастарын тыя алмады. Өтйкені, ол Руслан Ахметовтың өмірін айуандықпен қиғаны үшін енді алдағы 9 жылын темір тордың ар жағында өткізбек. Сот осылай деп үкім шығарды.

Бахытжан Сатвалдинова – СҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы:

 

– ҚР ҚК 99 бабының 1 тармағы бойынша Никита Терещенко 9 жылға бас бостандығынан айырылсын. Және жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтесін. Материалдық өтем ретінде – 548 мың 883 және моралдық шығын ретінде – 2 млн теңге өтеуі тиіс.

Магжан Ахмадина