МТРА жаңалықтары

Биылғы Жаңа Жылды тойлауға бір тиын да жұмсалмайды

Жыл сайын мейрамды дүркіретіп тойлауға облыс бюджетінен қыруар қаржы бөлініп келген болатын. Алайда, биыл шыршаларды орнатып, көшелерді безендіру шараларында қаражат үнемдеу көзделіп отыр. Мерекеге қолда бар, осыған дейін сатып алынған безендірулер қолданылады. Осы орайда, солтүстікқазақстандықтардың игілігіне шаһарымызда 3 шырша орнатылады деп күтілуде. Оның ең бастысы облыстық әкімдікке қарсы тұрғылып жатқан алаңға, тағы екеуі қалалық әкімдік ғимаратының маңы мен вокзал аумағын безендірмек.

Дәурен Зейнуллин – Петропавл қаласы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы:

– Бізде өткен жылдардан қалған 140-тан астам сәулеттік формалар бар. Қазір мұздан құйылатын қалашық пен сырғанақтардың жобасы жасалынуда. Оларды демеушілердің көмегіне жүгініп, облыстық және қалалық әкімдіктердің алдында орнатпақпыз. Ал, басты шыршаның салтанатты түрде ашылуы желтоқсанның 20-шы жұлдызына жоспарлануда.

 

Эльмира Садвокасова