Денсаулық сақтау

Қарашаның 17-і – шала туған нәрестелер күні

Әлима Құсайынова да бүгін тұңғышы Аяжанды мерекеге ертіп келіпті. Жасы бірден енді асқан сәби тәтті қылықтарымен отбасының қызық-қуанышына айналған.

Әлима Құсайынова:


–  Өткен жылдың қазан айында қызымды дүниеге әкелдім. 7 айлық болғандықтан, салмағы 1 келіден сәл асатын. Дәрігерлердің күтімінің арқасында оңалып, екі айдан күйін үйге кеттік.

Мейрамға ортақтасып тұрған дәрігерлер мен мейірбикелер алдынан жылына жүздеген бала өтеді. Шала туған нәрестелер бөлімшесінде түсетін сәбилердің саны жыл санап азаяр емес. Бұған қарамастан, мамандар әр бүлдіршінге тиісті күтім мен көңіл бөледі.

Роза Қосақбаева – Облыстық перинаталдық орталықтың мейірбикесі:

– Менің перинаталдық орталықта жұмыс істеп жүргеніме 23 жыл болды. Анасының сүті жетпеген балаларды тамақтандыратынмын. Қазір қарасам, ол бүлдіршіндер жүгіріп, ойнап жүр.

Жыл сайын уақытынан бұрын дүниеге келген балалардың өміршеңдік көрсеткіштері артуда. Мұнда медицина қызметкерлерінің де, заманауи технологиялардың да алар орны ерекше. Дәрігерлер нәрестелерге ана құрсағындағыдай жағдай жасайды. Сондықтан, бүлдіршіндер уақытылы жетіліп, салмақ қоса алады.

Наталья Семенова – Облыстық перинаталдық орталықтың бас дәрігерінің орынбасары:

– Шала туған сәбилердің өзімен жасты балалардың қатарына қосылуы үшін аянбаймыз. Қазір бұл саладағы тәжірибеміз бар. Ең аз салмақпен дүниеге келген нәрестелерді күту үшін балалар жан сақтау бөлімі бар. Ол қажетті жабдық, дәрі-дәрмекпен қамтылған. Бұдан кейін бүлдіршіндер паталогия бөліміне жіберіледі. Салмақ жинап, жағдайы бірқалыпты болған соң шығарамыз. Бірақ, әрдайым бақылауда ұстаймыз. Бүгінде жан сақтау бөлімінде 5 бірдей нәресте жатыр, тағы 14-і патология бөлімшесіне жіберілген.

Әлем бойынша шала туған нәрестелер күнін 2009 жылдан бері қарашаның 17-сі атап өтуде.

Эльмира Садвокасова