Құқық қорғау органдары

19 жастағы жігітті өлтірген қылмыскер құрықталды

Бұл жан түршіктірерлік жағдай шілде айында облыс орталығының іргесіндегі Виноградовка селосында орын алған. Марқұм Руслан Ахметовпен күдікті Никита Терещенко бір топта араласыпты. Сотта айтылғандай, жастардың арасында жиі бәсекелестік орын алып тұрған. Күндердің бір күні жігіттердің күндестігі төбелеске ұласады. Сол сәтте Никита Русланды бірнеше жерден пышақтап өлтіреді. Қылмысын жасыру үшін мәйітті суға батырып жіберген. Көз жұмған азамат 19 жаста. Ол жетім өсіпті. Атасының қолында тәрбиеленген екен. Жас жігіт қалада қырнаушы мамандығын меңгеріп, үйіне оралыпты. Қанды оқиға сол күні орын алған.

Ольга Ахметова – Р.Ахметовтың апасы:

– Оқыды, дипломын алып келіп бәрімізге мақтанышпен көрсетті. Сол күні баршамыздың қуанышымыз су сепкендей басылды. Русланымыз көз жұмды. Ол жұмысқа тұрған еді. Үнемі өзін қамтамасыз етіп, жақсы өмір сүруді мақсат ететін. Сот қандай шешіп шығарса да біздің көңіліміз толмайды. Өйткені, одан қаза тапқан бауырым оралайды.

Байболат  Култанов