Қоғам

Солтүстік Қазақстан облысының экономикалық даму көрсеткіші

Жалпы, жыл басынан бері ауыл шаруашылығы саласында 461,1 млрд. теңгенің азық-түлігі дайындалған. Ал, өнеркәсіп өндірісінде 126,8 млрд теңгенің тауары әзірленіпті. Теріскейде сүт және қаймақ шығару ісі 30,5% артқан. Тағы, ірімшік мен сүзбе жасау 21,4%, сары май 20,6% көбейіпті. 10 ай ішінде бөлшек сауда көлемі 171 млрд-ты құрады. Бұл былтырғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 1,1 пайызға көп. Көтерме сауда көлемі 227,5 млрд. теңгеге жеткен.

Байболат Култанов