Құқық қорғау органдары

Өңір полицейлері халық алдында есеп беруде

Қазір дүйім жұрттың алдында Тайынша ауданына қарасты Озерное селосының учаскелік полицейі есеп беруде. Бүгінде КраснополЯн ауылдық округіне 8 елді-мекен қарайды, оларда 1600-ден астам адам тұрады. Жыл басынан бері мұнда орын алған 11 қылмыстың бәрі ашылған. Алайда, кемшіліктер де жоқ емес. Мұндағы тәртіп сақшыларының қызмет орны күрделі жөндеуді талап етеді. Бұл мәселені ІІД-і бастығы Берік Біләловтың өзі тілге тиек етті. Облыстың бас полицейі сонда-ақ, жергілікті азаматтарды қабылдап, уәждерін таңдады. ЛетОвочное ауылында өткен отырыста болса, Берік Біләлов құқықбұзушылықтардың алдын-алуға баса зер салу керек екендігін алға тартты.

Берік Біләлов, СҚО ІІД бастығы:

 

– Бүгінге дейін біз облыс аумағындағы 50-ден аса елді-мекенге бас сұқтық. Халықпен кездесіп, айтарын тыңдадық. Әкімдіктің бастамасымен аудандарда камералар орнатылуда. Мәселен, Мамлютка қаласындағы мектепте орналасқан 27 камера тірек пунктіне қосылған. Нәтижесінде, бұл материалдарды жергілікті инспекторлар бақылай алады. Осындай жұмыстар Аққайың және Мағжан Жұмабаев аудандарында да жүргізілді.

Саят Ермек