Спорт

Солтүстікқазақстандық каратэші Әлем кубогының жүлдегері атанды

Жаһандық жарыста 56 келі салмақта сынға түскен жерлесіміз 2-ші орынға ие болған. Айта кетейік, байрақты бәсеке қарашаның 11-і мен 12-сі күндері Индонезияның астанасы Джакарта қаласында өткен. Додаға әлемнің 25 елінен келген 150-ден аса татами шебері қатысты. Сайыс қорытындысы бойынша қазақстандықтар 4 алтын, 3 күміс, 3 қола алқаға қол жеткізді. Осылайша жалпы құрамалық есепте ел құрамасы жеңімпаз атанды. Отандастарымыз азулы Жапония, Канада және Ресей мемлекеттерінің үздік каратэшілерін артта қалдырды.

Байболат  Култанов