Құқық қорғау органдары

СҚО-да “Қауіпсіз жол” республикалық жедел алдын алу шарасы аяқталды

– Я купил транспортное средство, снятое с учёта, и поставил госномера с другой машины. После того продал машину с этими же номерами.

Бұл былығы үшін көлік иесі 35 мың теңге көлемінде айыппұл төлейді. Жалпы рейдтің алғашқы күнінде полицейлер жылдамдықты асырудың 31, бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кетудің 4 фактісін анықтады. Тағы 25 теріскейлік тиісті құжаттарсыз рөлге отырса, 12-сі масаң күйде көлікті басқарған. Ал 11 адам жүргізуші куәлігінен айырылса да машина тізгіндепті.

Айдын Ахмағамбетов – СҚО ІІД ЖПҚ бөлімшесінің бастығы:

– Рейд барысында негізінен өрескел құқықбұзушылық жасағандар тоқтатылды. Бұдан бөлек қоғамдық көлік тізгіндеген жандармен алдын алу шаралары жүргізілуде. Оның ішінде таксистер де бар.

“Қауіпсіз жол” атты республикалық жедел алдын алу шарасы қарашаның 9-ы мен 11-і күндері өтті. Жалпы өңір жолдарындағы тәртіпті 500-ден аса полицей қадағалап, тәулік бойы 35 патруль бақылайды.

 

Риат Шони