Спорт

Солтүстік Қазақстан облысының басшысы ең футбол сүйер әкімнің бірі атанды

Кеште “Үздік футбол әкімі – 2017” номинациясының жеңімпаздары да анықталды. Бұл аталымда Солтүстік Қазақстан және Атырау облыстарының басшылары топ жарды. Қос өңір жетекшісі аймақтарында футболдың дамуына сүбелі үлестерін қосып отыр. Жанкүйерлермен де жақсы қарым-қатынаста. Осы маусымда Құмар Ақсақалов “Қызыл-Жар СҚ” ФК-ының араға 9 жыл салып, жоғарғы лигаға шығуына ат салысты. Ал, Нұрлан Ноғаев басқаратын мұнайлы өлкеннің “Атырау” құрамасы Қазақстан Кубогында жемісті өнер көрсетті. Бұл команда финалға дейін жетіп, күміс медальға қол жеткізді.

 

Култанов Байболат