Спорт

Петропавлда грек-рим күресінен ашық республикалық турнир өтті

Береке Ноғайбай – қатысушы, Алматы қаласы:

– Қарсыласым осал емес, жақсы дайындалған. Оны жеңуге тырысып бақтым. Чемпион атанатыныма сенімдімін.

Дәстүрлі дода салмақ дәріжелері 23 пен 72 келі аралығындағы спортшылардың басын қосып отыр. Барлығы 13-16 жасар 250-ге жуық бозбала шеберлік байқасты. Аталмыш жарысты ұйымдастырудағы мақсат- жас өрендерді спортқа тарта отырып, жастар мен жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау.

Мейрам Хамзин – бас төреші:

– Бүгін Уәлихан Нұркеевті еске алу турнирі өтіп жатыр.

Айта кетейік, турнирге еліміздің барлық аймақтарынан жиналған спортшылармен қатар, Қырғызстан, Ресей елінен ат терлетіп келген палуандар да қатысты. 2 күнге жалғасқан турнирдің нәтижесі бойынша жеңімпаздар медаль, кубок және дипломдармен марпатталды.

Молдир Макишева