МТРА жаңалықтары

ЭКСПО көрмесі қайтадан есігін айқара ашты

Сөйтіп, мұнда алғашқы екі күн ішінде 18 мың адам келген. Болашақ энергиясының мұражайы болып табылатын «Нұр әлем» павильоны, әлемдегі 13 елдің жаңғырмалы энергия көздері саласындағы ең үздік 24 жобасы ұсынылған «Үздік тәжірибелер аймағы», тақырыптық павильондар мен Қазақстанның алғаш заманауи өнерінің АРТ-орталығы қамтылған туристік аймақтардың ресми ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев қатысты.

Алғашқы екі күн келушілер үшін тегін болды. Билеттер ресми түрде ертеңнен, яғни қарашаның 14-нен бастап сатылатын болады. «Нұр Әлем» мен тақырыптық павильондарды, «Үздік тәжірибе аймағын» және АРТ-орталығын қамтитын билеттің бағасы – 1500 теңгені құрайды. ҰОС қатысушыларына, барлық топтағы мүгедектерге, жетім балаларға, көп балалы аналарға және 6 жасқа дейінгі балаларға кіру тегін. Оқушылар -500, студенттер -800, ал зейнеткерлер – 500теңге төлейтін болады. Сонымен қатар, 1 мыңға жуық автокөлікке арналған жер асты тұрағы қызмет етуде, оның алғашқы үш сағаты тегін, ал келесі сағаттары 100 теңгеден болмақ.


Магжан Ахмадина