Қоғам

Тимирязев ауданының мәдениет күндері бастау алды

Осылайша Целинный кенті бой түзейді. Уақыт өте елді мекен аумағы артады. Халық санының көбеюіне байланысты 63-тің 2-ші қаңтарында Тимирязев ауданы құрылған. Тура бір жылдан соң осы жерге Омбыдан 23 жасар Құрманғали Мұсаев көшіп келіпті. Тепсе темір үзетін жігіт бірден ауыл шаруашылығы саласында еңбек етуге кірісіпті.

Құрманғали Мұсаев – зейнеткер:


–  Механизатор болып қызмет еттім. Қырман басында тер төктім. Қыста мал қорасында еңбектендім.

Бүгінгі “Сәлем саған тың жері” шарасына ауданның дамуына үлес қосқан жандар да қатысып отыр. Солардың бірі – Құдайберген Қалиев. Азамат 1988-1992 жылдар аралағында Тимирязев аудандық атқару комитетінің төрағасы қызметінде болыпты. Жерлесіміз басшылық еткен уақытта ауданда құрылыс саласы қарқынды жүргізілген.

Құдайберген Қалиев – Тимирязев аудандық атқару комитетінің 1988-1992 жылдардағы төрағасы:

– Қазір үйлер аз салыпы жатыр. Ол кездерде савхоздарда баспаналар көп тұрғызылды. Бір жылдың ішінде 10-15 үйдің іргесі қаланатын.

Шарада Тимирязев ауданы аумағында жерленген батырлар жайлы да айтылды. Сары және Сүйір есімді ерлер 19-шы ғасырда ел іргесін жоңғар мен патша әскерінен қорғапты. Осы жердің тумасы Меңдеке баһадүрдің даңқын да тұрғындар жақсы біледі.

Томирис Мұсаева – Сәбит Мұқанов атындағы Тимирязев жалпы білім беретін мектеп-гимназиясының оқушысы:


–  Меңдеке батырдың моласы “Қазақстанның киелі жерлері” картасына кірді. Тарихққа көз жүгіртсек батыр 17-ші ғасырда өмір сүріпті. Ол жерімізді алдай-ақсуат-керей руларынан қорғаған. Қазіргі таңда мазарға адамдар көп барады. Олар қабірді қоршаған дуалдарға тілек тілеп шүберек байлайды. Халық арасында бұл тілектер қабыл болады деген сенім бар.

Тағы, бүгінгі шарада жиналғандар назарына латын қарпінде жазылған құжаттар ұсынылды. Құнды жазбалар 1935-ші және 40-шы жылдарың куәгерлері. Қазір бұл дүниелер Тимирязев аудандық мұрғатында сақтаулы тұр.

 

Байболат Бектемірұлы