МТРА жаңалықтары

Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз брифингінде латын қарпіне көшу сөз болды

Тіл маманы, жаңа қаріптің қазақ тілінің дыбыстық ерекшеліктеріне толықтай сәйкес келетінін атап өтті. Сондай-ақ, бұл реформа азаматтардың ағылшын тілін үйреніп, оның қолданысын кеңейтуге септеседі деген сенімде. Бұдан бөлек, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-нің “Қазақ тілі” кафедрасының меңгерушісі Татьяна Ахметова, латын графикасына көшу – жаһандану жүйесіне негізделгенін айтып отыр. Ол бұл шараны славян елдері де қолдағанын жеткізді. Мәселен, Польша, Чехия, Молдова елдері кириллицадан бас тартып, латын әрпіне көшу арқылы әлемдік кеңістікке бір қадам жақындай түскен.

Татьяна Ахметова – доцент, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ “Қазақ тілі” кафедрасының меңгерушісі,

– Бүгінгі таңда латын қарпіне негізделген 70 әліпби бар. Солардың ішінде 30-дан астамы Европа, 20-ға жуық Азия мен Африка елдері латын графикасын қолданып жүр.

Молдир Макишева