Мәдениет

Облыстық қуыршақ театры Воронеж қаласында өткен халықаралық фестивалден оралды

Жерлестеріміз “байқауға Степной ноктюрн” деп аталатын қойылымды апарған болатын. Режиссері “Золотая маска” номинациясының 5 мәрте иегері – Евгений Ибрагимов. Спектакль Воронеж көрермендерінің таңдайын қақтырған екен. Біріншіден, театр актерлері образға кіріп, қазақ халқының басынан кешкен оқиғаларын шынайы жеткізсе, екіншіден бұл көрініс тас қараңғыда, яғни сәуле жарығымен ғана қойылған. Спектакльдің басты мақсаты – тәжірибе алмасу.
Айта кетейік, солтүстікқазақстандықтар көріністің тұсаукесерін желтоқсанның 1, 2 және 3-інде тамашалай алады.

Нұрсұлтан Қалқабек:


Бұл спектакль жоғары деңгейде өтті. Көрермендер жылы қабылдады. Себебі бұл спектакльде қазақ халқының тарихы басынан аяғына дейін көрсетілген.

 

Молдир Макишева