Аптадағы маңызды жаңалықтар

Челябі қаласында Ресей мен Қазақстан Президенттерінің қатысумен маңызды жиын өтуде

Маңызды отырысқа арқау болған тақырып – адам капиталы мен өңіраралық әріптестікті дамыту. Тараптар атқарылған жұмыстары және алдағы жоспарларымен бөлісті. Шара аясында сондай-ақ, бірқатар кездесулер,оның ішінде it-технология, жасыл экономика, білім саласын жаңғырту аясында өтті. Мұнда орналасқан көрмеде Қазақстан мен Ресейдің ірі компаниялары өз өнімдері мен жобаларын жұртшылық назарына ұсынды. Форумға біздің өңірдің де делегациясы қатысуда. Аймағымыз теріскейге келетін туристердің санын арттырмақ ниетте. Бұл міндетті орындау үшін Солтүстік Қазақстан және Челябі облыстары меморандумға қол қойды. Нұрсұлтан Назарбаев және Владимир Путин қатысқан басты пленарлық отырыс кешке таман өтті. Кездесуде қос елдің білім беру ведомстволарының жетекшілері, бірқатар облыстардың басшылары баяндамаларын оқыды. Олардың қатарында СҚО-ың әкімі Құмар Ақсақалов та бар. Қазір біздің түсірілім тобымыз Челябі қаласында, екі елдің өңіраралық ынтымақтыстығының 14-ші форумында жұмыс істеуде. Саяси маңызды жиын жайлы толығырақ сюжетті арнамыздың 10-шы қараша күні шығатын қорытынды жаңалықтарынан көре аласыздар.

 

Риат Шони