Әр түрлі

Теріскейде күн суытады

Синоптиктердің болжамына сүйенсек, ертең, қарашаның 9-ы, облыста күн райы күрт бұзылады деп күтілуде. Далада қар жауып, күшті жел соғады. Оның екпіні секундына 28 метрге дейін жетуі мүмкін. Салдарынан көктайғақ болуы ықтимал. Сондықтан төтенше жағдайлар департаментінің мамандары сақтық шараларын сақтауды ескертеді. Құтқарушылар балалар мен қарт адамдарды қараусыз қалдырмауға, жолда абай болып, алыс сапарға шықпауға кеңес береді.

Саят Ермек