Құқық қорғау органдары

Мамлют ауданының тұрғыны өз немересін тірідей жағып жіберді

Бұл оқиға Дубровное елді-мекенінде орын алды. Аталмыш ауылдың тұрғыны Любовь Русалиева 1 айға толмаған нәрестені жанып жатқан пештің ішіне тастаған. Бұл уақытта сәбидің анасы – зейнеткердің өгей қызы дүкенге нан ауға шығып кеткен. Үйіне оралған ана баласын құтқара алмапты. Қазіргі таңда Любовь Русалиева уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Оған ҚР қылмыстық кодексінің 99-шы бабы яғни, “Адам өлтірді” деген айып тағылған. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Бірқатар сараптамалар тағайындалған. Оның ішінде психиатриялық тексеріс те бар. Зейнеткердің кінәсі дәлелденсе, ол 20 жылға темір торға тоғытылуы мүмкін. Ауылдағы тұрғындарының айтуынша, Любовь Русалиева ішімдікке әуес болған.

 

Риат Шони