Аптадағы маңызды жаңалықтар

Өңірге 25 вагон көмір жеткізілді

Петропавлға күніне 10-15 вагон шұбаркөл көмірі әкелінеді. Облыс орталығында онымен айналысатын 5 серіктестік бар. Күні кеше облысқа 70 вагон көмір жетті.

Бұл 4 830 тоннаны құрайды. 1710 тонна майкөбе көмірі “Альянс Жолы” серіктестігіне келді. Жылыту маусымы енді басталғандағыдай қазір көмір алам деп кезекке тұрған жүк көліктері жоқ. Отынды бір-екілі қалалықтар мен ұйымдар керегінше артып әкетіп жатыр. Бұған дейін вагондар болмай, қара отынның жетіспеушілігі байқалған болатын. Қазір барлығы шешімін тапқан. Тек былтыр 9 500 теңгеден сатылған майкөбе көмірі биыл 11, 500 теңге тұрады. Себебі, көмірдің отанына айналған өңірлерде қымбаттап отыр.

Евгений Данилов, “Алтын Отын” ЛТД ЖШС директоры:

 


– Қазіргі уақытта халықты көмірмен қамту мәселесі толық шешілді. Бүгін Павлодар облысындағы Майкөбеден Б3 маркалы 25 вагон көмір жеткізілді. Бұл 1710 тоннаны құрайды. Қарашаға керек көмір мөлшері бекітіліп, кен орындарымен келісім жасалған. 56 тонна көмірге тапсырыс беріп қойдық. Ал, багатыр көмірін жеткізу үшін келіссөздер жүргізілуде.

Акбопе Танирберген