МТРА жаңалықтары

“Қоғамдық келісім- қазақстандықтар санасының жаңғыру негізі” тақырыбында семинар өтті

Жиын барысында ауылдық округ әкімдері, мемлекеттік қызметшілер, дінбасылар және этномәдени бірлестіктердің өкілдері жеке пайымдарын білдірді. Облыстық «Қызылжар» орталық мешітінің наиб имамы Қасымхан Ибраев дәстүрлі дін және ұлттық әдет-ғұрыптарды халық арасында кеңірек насихаттаудың маңыздылығына тоқталды.

Қасымхан Иcаев – «Қызылжар» облыстық орталық мешітінің наиб имамы:

– Дінен салт-дәстүрді ажыратуға болмайды. Ұлттық құндылықтарын білмегендер тура жолдан жиірек адасып жатады.

Семинар барысында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы
“Қоғамдық келісім” бірлестігінің өкілдері жоспарларымен бөлісті.
Алдағы уақытта олар ауқымды жобаны жүзеге асырмақшы. Нақтырақ айтқанда, оқушылар мен студенттердің тың идеяларын іріктеп алып, оны іске асыруға жеке кәсіпкерлерден қаражат тартпақшы.

Әсемгүл Есқожа – “Қоғамдық келісім” КММ жетекшісі:


– Жастардың басын қоысп, олармен түрлі салада болып жатқан жаңашылдықтарды талқылаймыз. Олардың ұсыныстары мен идеяларын жинаймыз. Жақсыларын қаржыландырып, жүзеге асыруға қол ұшын береміз.

Түрлі этностағы жастардың бірлігі мығым болса, елдің келешегі кемел болмақ дейді жиынға қатысушылар.

Берік Қасен