Қоғам

Латын графикасы талқылауда

Орал Жанатов – СҚО Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының Тілдерді оқыту орталығының әдіскері:

– Елбасы қол қойған жарлығын қолдап отырмыз. Өйткені, қазақ тілінің таза табиғилығын сақтауға бұл графиканың маңызы зор болады. Бұрындары ми деген сөз бароны, ми деп жазып та айтып та келдік. Ал ол мый деп айтылу керек. Ол таза айтылмай келді да, орфография жағы дұрысталады деп ойлаймыз. Қазақтар қалай айтылады, солай жазылу керек дейді. БҰл бұрыннан талқыланған дүние.

Орал Жанатаев жаңа нұсқаны сараптай келе оң тұстарының басымырақ екенін аңғарыпты. Халықтың ұсыныстілектері ескерілген, үйреніп алудың түк қиындығы жоқ дейді. Жаңа қаріпті меңгеріп кетуі қиын аға буын өкілдеріне жастар көмек қолын созуға дайын.

Айнель Амандықова – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті:

– Бүгінгі таңда мен өзім бастап қолданып көрдім. Әлеуметтік желілерде қолдану өте жеңіл. Қолданысқа енді енгелі жатқан әлі. Жәнеде үйдегі барлық жандарға ата-аналарыма, ата-әжеме әрі қарай да дамытып үйрететін боламын.

Солтүстікқазақстандықтар бекітілген әліпби төңірегінде әңгіме қозғап, әлі де болса теріс-оң тұстарын айқындап, қызу талқылап жатыр.

Акбопе Танирберген