Құқық қорғау органдары

Петропавлдық полицейлер автокөлік ұрыларын тұтқындады

Осы сынды оқиғалар өңірімізде әсіресе жаз мезгілінде жиілеп кеткен. Теріскейлік тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында осы іске қатысы бар қылмыстық топ мүшелерін анықтады. Баукеспелер машиналарды ашу үшін граббер құрылғысын пайдаланып, көліктің дабыл қағу жүйесінің кодтарын көшіріп отырған.

Асан Мейрамов, Петропавл қ. ІІБ бастығының орынбасары:


– Біздің тәртіп сақшылар 2 күдікті қылмыс орнынан ұстап алды. Оның қолынан осы іске қатыса бар заттар табылды.

Полицейлер ұрылардан грабберден бөлек, ұялы телефондар, сим-карталар тауып алған. Күдіктілердің бірі 43 жастағы Грузия азаматы. Ол 29 жастағы петропавлдықпен сыбайласып жұмыс жасаған. Қылмыстық топ мүшелерінің бірі автокөлік иесінің көңілін аулап отырса, осы уақытта екіншісі темір тұлпарды байқатпай ашып, ақшаны алып кетіп жүріпті.

– Сколько машин вы вскрыли?

– Ну, я не считал. Может 10, может 20, может 30.

– Что брали из машин?

– Только деньги.

Бүгінде сыбайластар уақытша қамау изоляторына отыр. Факт бойынша қылмыстық кодекстің 188-ші бабына сәйкес іс қозғалды. Кінәлары дәлелденсе, күдіктілер 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Тогжан Акмагамбетова