МТРА жаңалықтары

Мемлекеттік қызметшілердің жұмыс кестесін сақтау басты назарда

Жыл басынан ведомствоға 144 өтініш келіп түскен. 26 азаматтың құқығы қорғалған. Жиында тағы мемлекеттік қызметшілердің құқығы да сөз болды. Олардан жұмыс кестесі сақталмайды деп шағымдар түсуде. Қазір осыған байланысты департамент мамандары барлық мекемелерде мониторинг жүргізуде.

Ғалым Тұрсынбаев – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс -қимыл жөніндегі агенттігінің СҚО бойынша департаментінің басшысы:


–  Біз ескертпестен, тексеріс жүргізуге барамыз. Жұмысшылар қызметінен уақытында босауы керек. Ерте, не кеш шығу дұрыс емес. Мұндай жағдайлар анықталса, басшылықтарына хат жолдаймыз. Ал, жауапкершілікке тарту жағын олар өздері қарастырады.


 

Акбопе Танирберген