Ауыл шаруашылығы

Қазанның 28-і Петропавлда ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтеді

Күз келіп, қызығын көретін кез жетті. 28 қазан күні Петропавлдың қақ ортасы үлкен сауда алаңына айналмақ. Ауылшаруашылық тауарларын өндірушілер жыл бойға еңбегінң нәтижесін осылай қалалықтарға да көрсетіп, арзанға сатып қарық қылмақ.

Алтынбек Абдоллаев, СҚО ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

– Жәрмеңкеде 60 шатыр құрып береміз. Әр ауданға 3-еуден бөлінеді. 03:19 Ет өнімдері мен сүт өнімдері бөлек, қайта өңдеу кәсіпкерлері бір бөлек, бал және ара шаруашылығы бір бөлек. Жәрмеңке Сүтішев көшесінен бастап Бөкетов көшесіне дейінгі аралыққа созылады.

Жәрмеңкеде – мал азығы – арпа, сұлы тіпті сабан да сатылады. Ауылдықтардың сиырын сауып, бақшасын күтіп қол жеткізген нағыз табиғи өнімдері базардағыдан 10-30 пайызға арзан болмақ. Қазір аудандар “Өңір берекесі” жәрмеңкесіне қызу дайындалып жатыр.

Алтынбек Абдоллаев, СҚО ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

– Шошқа еті 1000 теңгеден болады, Жылқы еті 1400 теңгеден болады. Базарда мысалы сиыр еті 1400 теңгеге дейін сатылса, біз 1000 теңгеден сатамыз. Қой еті де 1000 теңге. Әр ауданға тапсырма берілген. Олар сол бойынша алып келеді. Құс еті де болады. Қаз еті 1200, үйрек еті 1000-1100 теңгеден сатылады.

Жәрмеңкедегі тауар жұрттың бәріне жетеді. Петропавлға 926 тоннадан артық өнім әкелінеді. 30 тонна ет, 3 тонна шұжық өнімдері, 8 тонна сүт пен соша тонна ұн. 3 тонна бал мен 75 мың жұмыртқа әзірленуде. Қалалықтар қысқа қамданып алса болады. Өңір алқаптарында өсірілген 132 тонна көкөніс келе жатыр. Сенбі күні сағат таңертеңгі 9-да басталатын жәрмеңке 16:00-ге дейін созылады деп жоспарланып отыр.

Акбопе Танирберген