МТРА жаңалықтары

Өңірде қарттар мен мүгедектерді қолдау айлығы жалғасудаКүзгі бал осымен үшінші жыл қатарынан “Надежда. Вера. Милосердие” қоғамдық көмек қорының мұрындық болуымен ұйымдастырылуда. Қалалық мәдениет үйінде өтіп жатқан шара барысында қайырымдылық жәрмеңкесі де қанат жайды. Мұнда жаны жайсаң мейірімді жандар түрлі бұйымдар сатып алып, қаржыны науқас балалардың ем-домына беруде. Наталья Штайнбренер – “Надежда. Вера. Милосердие” қоғамдық көмек қорының директоры: – Бүгінгі шараға 100-ге жуық бала қатысып отыр. Олар қаладағы үш білім беру мекемелерінің оқушылары. Жалпы біздің қорға 45 бала мүшелік етеді. Оның 9-ы туғанынан мүгедек. Қалғандары көпбалалы отбасыдан шыққан. Бүгінде теріскей өңірінде мүмкіндігі шектеулі 28 мыңға жуық адам тұрады. Олардың 1820-сы 16 жасқа дейінгі балалар. Бұл жандарға арналып 7 түзету мектебі, 10 инклюзивтік сынып жұмыс жасайды. Бұған қоса облыстың қалталы азаматтары да түрлі көмек қолдарын созуда. Сол жандар бүгінгі мереке барысында қоғамдық көмек қорының алғыс хаттарын иеленді. Виталий Любых 3 баланың әкесі. Осыдан 4 жыл бұрын оның зайыбы онкологиялық аурудан көз жұмған. Отағасы содан бері қиындықтарға мойымай, балаларын оқытып, киіндіріп, бағып-қағып келеді. Виталий Любых: – Үлкен ұлым 9-шы, кіші ұлым 2-ші сыныпта оқиды. Ал қызым 4-ші сыныпта білім алуда. Сабақ үлгерімдері жақсы. Өзім “Шаров” ЖК-де күзетші болып істейдім. “Надежда. Вера. Милосердие” қоғамдық көмек қорына мүшелік етеміз. Ол жандар әрдайым қол ұшын созып, көмектесіп тұрады. Оксана Любых: – Біз інім екеуіміз күзгі балға қолдан келгенше дайындалдық. Мен түрлі-түсті қағаздан ағаш жапырағын салып, қиып алдым. Кейін көйлегіме жапсырдым. Тағы ініме де жасап бердім. Мереке жақсы өтіп жатыр. Бүгін ұйымдастырылған күзгі балда қалалық мәдениет үйінің әртістері келгендерге концерттік бағдарлама ұсынып, көңіл күйлерін көтерді. Түрлі конкурстар да өткізіліп, кішкентай көрермендермен ойындар ұйымдастырылды. Риат Шони

Наталья Штайнбренер – “Надежда. Вера. Милосердие” қоғамдық көмек қорының директоры:

– Бүгінгі шараға 100-ге жуық бала қатысып отыр. Олар қаладағы үш білім беру мекемелерінің оқушылары. Жалпы біздің қорға 45 бала мүшелік етеді. Оның 9-ы туғанынан мүгедек. Қалғандары көпбалалы отбасыдан шыққан.

Бүгінде теріскей өңірінде мүмкіндігі шектеулі 28 мыңға жуық адам тұрады. Олардың 1820-сы 16 жасқа дейінгі балалар. Бұл жандарға арналып 7 түзету мектебі, 10 инклюзивтік сынып жұмыс жасайды. Бұған қоса облыстың қалталы азаматтары да түрлі көмек қолдарын созуда. Сол жандар бүгінгі мереке барысында қоғамдық көмек қорының алғыс хаттарын иеленді.

Виталий Любых 3 баланың әкесі. Осыдан 4 жыл бұрын оның зайыбы онкологиялық аурудан көз жұмған. Отағасы содан бері қиындықтарға мойымай, балаларын оқытып, киіндіріп, бағып-қағып келеді.

Виталий Любых:

– Үлкен ұлым 9-шы, кіші ұлым 2-ші сыныпта оқиды. Ал қызым 4-ші сыныпта білім алуда. Сабақ үлгерімдері жақсы. Өзім “Шаров” ЖК-де күзетші болып істейдім. “Надежда. Вера. Милосердие” қоғамдық көмек қорына мүшелік етеміз. Ол жандар әрдайым қол ұшын созып, көмектесіп тұрады.

Оксана Любых:


–  Біз інім екеуіміз күзгі балға қолдан келгенше дайындалдық. Мен түрлі-түсті қағаздан ағаш жапырағын салып, қиып алдым. Кейін көйлегіме жапсырдым. Тағы ініме де жасап бердім. Мереке жақсы өтіп жатыр.

Бүгін ұйымдастырылған күзгі балда қалалық мәдениет үйінің әртістері келгендерге концерттік бағдарлама ұсынып, көңіл күйлерін көтерді. Түрлі конкурстар да өткізіліп, кішкентай көрермендермен ойындар ұйымдастырылды.

Риат Шони