Спорт

Кёкушинкай-каратэден қала әкімінің кубогы өтті

Владимир Витченко, сайыстың бас төрешісі, «Бүкілқазақстандық кёкушинкай-карате ұйымы» СҚОФ директоры:

– Көкшетау қаласы мен Айыртау, Қызылжар аудандарынан қатысушылар келді. Петропавлдағы барлық қала мектептерде каратэ ұйымдары жұмыс жасайды. Бүгін балғындардың көптігі көз қуантады. Кішкентай болса да, араларында Ел чемпиондары, халықаралық турнирлердің жүлдегерлері бар. Ашық чемпионаттың қызыққа толы болатынына сенімім мол.

400 баланың арасынан бір күн ішінде үш кездесуден өткізіп, арасынан шын мықтыны анықтау керек. БҰл төрешілерге оңайға соқпасы анық. Бір уақытта үш татамиде бірдей кездесулер өтіп жатыр. Біріншісі көптің назарын аударды. Мұнда 7 жастағы каратешілер сайысуда.

Ал, 10-12 жастағыларыдың кездесуі әлдеқайда байыпты өтуде. Себебі олар алдарына чемпиондықты мақсат етіп қойған. Көкшетаулық Марзатбек Маден өзінің петропавлдық қарсыласы Константин Шайдуровке жеңілістің дәмін сездірді. Чемпионат соңына дейін қарсылас шыдатпай, барлығын жеңемін деп жұлқынып тұр, бала.

Марзатбек Маден, жарысқа қатысушы, Көкшетау:

– Мен чемпион боламын. Қарсыласым мықты екен. Мен оны жеңіп кеттім. Мен одан да мықтырақ болдым.

Жеңімпаздар қала әкімінің кубогымен бірге медаль, дипломдар алады. Көзге түскендер “Самурай рухы”, “Жеңіске деген ұмтылыс”, “Үздік техника” мен “Ең қысқа кездесу” аталымдары бойынша да марапатталмақ. Айта кетейік, 8-9 қарашада Индонезияда өтетін Әлем чемпионатында теріскейлік үш каратеші ел құрамасы сапында бақ таластырады.

 

Акбопе Танирберген