Аптадағы маңызды жаңалықтар

Жылу дұрыс жетпеген үйлерде пайдаланылған энергия қайта есептелінеді

Алайда, негізгі жылыту магистральдерінде жүріп жатқан қайта жаңғырту жұмыстарына байланысты жылу баспаналардың барлығына бірдей жетпеген. Суық күндері тұрғындардың көбі үйлерінде тоңып жүрді. Осы ретте теріскейліктерде маңызды бір сұрақ туындады. Егер үйде жылу болмаса несіне оған ақша төлейміз? Осыған байланысты бүгін “Севказэнергосбыт” ЖШС-і БАҚ өкілдерінің басын қосып ресми түрде түсініктеме берді.

Мағауия Сағандықов – “Севказэнергосбыт” ЖШС бас директорының міндетін атқарушы:

– Бұл мәселе бойынша тұрғын үйдегі пәтер иелері кооперативтерінің қызметкерлері міндетті түрде “Севказэнергосбыт” ЖШС-не келіп арыз жазулары қажет. Бұдан кейін біздің мамандар қайта есептеу жүргізеді. Бұл қазан айындағы түбіртектерде “Қайта есептеу бойынша акт” деген жеке жолақта жазылады. Қосымша ақпаратты 50-06-66 нөміріне хабарласып білуге болады. Тағы бір айта кететін жәйт, жылу дұрыс жетпеген есептегіш құралдары жоқ баспаналарда пайдаланылған энергия ақысы төленбейді. Олардың саны – 142. Ал, бұл аспап орнатылғандарда есептегіш құралдағы көрсеткіш бойынша төлем жүргізіледі.

Риат Шони