Спорт

Ұстаздан шәкірт озар

Венера Шаповалова, №17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешенінің дене шынықтыру мұғалімі:

– “Мен-чемпион” ойындарында жеңісті ешкімге берген емес. Сондықтан, бүгін сол тәжірибемізбен өзге мектептермен де бөлісуді жөн санадық.

Бірінші ойын – мұғалімдерден жасақталған “Бүркіт” және оқушылардың “Олимпийцы” құрамасы. Бақталастың ерекшелігі осы, жас чемпиондар өздерін жаттықтырған ұстаздарына қарсы ойнайды.

Әлібек Назымбек, №17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешенінің оқушысы:


– Бірінші рет қатысып отырмын. Бүгін ұстаздарымызды жеңеміз деп ойлаймын.

Ләззәт Жолмұқанова, №17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешені директоры:


– Біздің мектептің мұғалімдерін өзім бастап шәкірттерімізбен жылдамдығымызды жарыстырып көруді шештік. Қарсыласымыз “Олимпийцы құрамасы облыстық ойынның 2015 жылғы чемпиондары. Бізде осал емеспіз.

Ойын басталып кетті. Бірініші сайыс – кедергілер арқылы жүгіру. Ұстаздар тырысып бағуда. Бірақ, жас, жылдам әрі қуатты оқушылар мүмкіндік берер емес. “Бүркітте” оңай шағылар жаңғақ емес екен, баскетбол добымен секіруде оқушылардың озып кетуіне мүмкіндік бермеді. Дегенмен, есеп тең. Ал, келесі сында ұстаздар жалдамдықтарын үстеді.

Елена Андреева, №17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешенінің оқушысы:

 

– Бізге жинақталу керек. Жеңілмейміз.

Құрамалар 9 эстафетаны қиындықсыз бағындыруы керек.

Скакалкадан ешқайсысы жаңылар емес. Оқушылар – 35 рет, ұстаздар 30 мәрте секірді. Жеңіс бірде Бүркітте. Бірде Олимпийцы алға шықты. Соңында бір ұпай артықшылықпен ұстаздар басым түсті.

Ойын соңында барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталады.

Акбопе Танирберген