Спорт

Петропавлда боксшы Жанат Жақияновты қолдауға арналған флешмоб өтті

Бұл орайда М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-нің 1 және 2 курс студенттері – барлығы 60 адам флешмоб ұйымдастырды. Олардың бәрі ақ түсті жейде мен бас киім киіп, музыка ырғағымен биледі. Бұл шара арқылы жастар жерлесімізге қолдау көрсетіп, жеңіс жетуіне тілектестіктерін білдірді.

Алишер Сабитов – шара ұйымдастырушысы:

– Флешмобты ұйымдастыру – студенттеріміздің идеясы болатын. Барлығы біркісідей атсалысты. Бұл шараға студенттер 1 жұмаға жуық уақыт дайындалған.