Балалар

Петропавлда қолөнер бұйымдарының көрмесі өтті

Мәселен, мына әсем гүл шоғы түрлі-түсті қағаздардан әзірленгеніне сенбейсің. Бұл туындыларды мектептен тыс жұмыс бойынша қалалық балалар-жасөспірімдер орталығының тәрбиеленушілері шараға арнайы дайындаған.

Идея Сейтмухамбетова – Мектептен тыс жұмыс бойынша қалалық балалар-жасөспірімдер орталығы директорның орынбасары:


–  Көрмеге 100-ден артық жұмыс қойылды. Бұл туындылардың барлығын орталық құрамына кіретін қаламыздағы 21 клубтың тәрбиеленушілері дайындады. Олар бұйымды әзірлеу кезінде әйнек, былғары, жұмсақ ойыншықтар мен пластмасса сынды дүниелерді қолданды. Ұл-қыздардың еңбектерін 9 талап бойынша іріктеймыз.

Орталықтың әнші, биші ұл қыздары көрмені тамашалауға келген қонақтарға өз өнерлерін паш етті.

Сонымен, жұмыстарды бағалайтын сәт келді. Көрмеге қатысушы Әлихан Баян қазылар алқасына 2 бірдей роботын ұсынбақ. Оның алғашқысы “Күнбағыс” деп аталады. “Ровесник” балалар-жасөспірімдер клубының тәрбиеленушісі туындыны 2 күнде дайындапты. Құл темір күн сәулесінен, қалта шамынан энергия алып жүреді.

Ал, бұл робот жүк көтергіш. Құл темір әлі соңына дейін құрастырылмапты. Туынды толығымен дайын болғанда адамдарға көп пайдасын тигізбек.

Әлихан Баян – “Ровесник” балалар-жасөспірімдер клубының тәрбиеленушісі:

– Робот 5-пен 10 келі заттарды көтере алады. Туындым кемтар адамдарға көмегін тигізбек. Оныс жарымжан жандар пульт арқылы басқарып, керек заттарын ала алмақ.

Көрме соңында жеңімпаз анықталды. Жүлдегерлер мақтау қағаздарымен марапатталды. Айта кетейік, бүгінде мектептен тыс жұмыс бойынша қалалық балалар-жасөспірімдер орталығы құрамындағы клубтарда 3300-ден аса ұл-қыз тәрбиеленіп жатыр.

 

Култанов Байболат