Спорт

Астанадағы ел чемпионатында теріскейлік конькишілер жарады

500 мертлік қашықтықта жерлес спринтер Роман Креч алтыннан алқа тағынса, одан он есе ұзақ, 5 мың шақырымдық, қашықтықта Дмитрий Бабенко алдына жан салмады. Нәзікжандылар арасында теріскейлік Елена Урванцева алтын, ал Татьяна Сокирко күміс жүлде иеленді. Біріншіліктің екінші күні де медальсіз өтпеді. Елена Урванцева мәреге екінші болып келді. Топтық спринтте бұрымдыларымыз күміс медаль тағынды. Айта кететін жәйт, ел чемпионатында топ жарғандар Әлем кубогінің кезеңдерінде жүгіру мүмкіндігіне ие болады.

Саят Ермек