МТРА жаңалықтары

Қоғам өкілдері латын әліпбиіне көшу жайын қызу талқылауда

Жерлестеріміз Елбасына ұсынылған жаңа графиканың екінші нұсқасын қолдайды. Олар диакритика қағидаты негізінде жасалған қаріппен жазу жеңіл болатындығын алға тартады. Өйткені, әліпбиде 32 әріп бар. 1 дыбыс бір әріп болып жазылады. Мұндай пікір Қазақстан Коммунистік Халық партиясының жергілікті филиалы өткізген жиында айтылды. Мемлекеттік қызметшілер, басқа да ұйымдардың өкілдері мен оқытушылар қатысқан отырыста жаңашылдықтың басқа да тиімді тұстары сөз болды. Теріскейліктер, кирилицадан латынға көшу егде жастағы адамдарға қиындық тудырмасына сенеді.

Ақмарал Ыбраева – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ профессоры, тарих ғылымдарының докторы:

– Аға буын өкілдеріне латын қарпін үйрену қиынға соқпайды деп ойлаймын. Өйткені, қазір 21-ші ғасыр. Білім мен технологияның заманы. Осындай мүмкіндікті пайдаланып, егде жастағы адамдар жаңа графиканы меңгереріне сенімдімін.

 

Култанов Байболат