МТРА жаңалықтары

Петропавлда героин сатты деген күдікпен нәзік жанды ұсталды

Күйіп кеткен ақша қалдықтары заттай айғақ ретінде сараптамаға жіберілді. Сондай-ақ, әйелдің үйін тінту барысында заңсыз сақталған мылтықпен 37 патрон табылды. Қазір, қала тұрғыны Петропавл қаласы ІІБ-ның уақытша ұстау изоляторында отыр.

Қалау Қалаубеков – Петропавл қалалық ІІБ Есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің жедел уәкілі:

– Қазіргі таңда күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 297-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Аталмыш баптың санкциясы бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.

Жалпы, жыл басынан Петропавл қаласында есірткіге қатысты 176 факті тіркелген. Олардың 38-і – түрлі есірткі заттарын сатуға қатысты. Тәртіп сақшылары заңсыз айналымнан 163 келі есірткі тәркілеген. Оның 234 грамы героин.

 

Култанов Байболат