Қоғам

Өңірімізде қазақ әліпбиінің латын графикасында жазылған жаңа нұсқасы қызу талқыға түсуде

Облыстық мәслихат депутаты Біржан Жалғасбаевтың айтуынша, қазақ әліпбиін латын графикасына алмастыру кезінде біздің ұлттық болмысымызға нұқсан келтірмей, оны саф күйінде қалдыру қажет. Сондай-ақ, бірінші кезекте өзгешеліктерді енгізу барысында халықтың пікір, ұсыныстарымен санасқан жөн.

Біржан Жалғасбаев – Облыстық маслихаттың депутаты:

– Өйткені, екі әріптің қосындысы арқылы қазақтың бір әрпін шығару үшін “ә” әрпін екі әріп арқылы қосу қиындық тудырарады. Ал, мына екінші нұсқаны қарап отырсақ, ешқандай көптеген өзгеріс жоқ. Әріпті нүктелер, төбесіндегі белгілер арқылы қарап отырғанда ажыратуға болады. Компьютерлік, техникалық жағынан келген кезде бұған да өзінің жолы табылатын шығар.