Білім

Мектеп оқушыларына латын әліпбиінің тиімді тұстары түсіндірілді

Ризабек Қамбар – Облыстық дарынды балаларға мамандандырылған “Білім-Инновациясы” лицей-интернатының оқушысы:

– Мен жазып көрдім. Басында қиындық тудырды. Бірақ кішкене оқып, үйренсен жаңа графикамен жазу жеңіл болады деп санаймын.

Оқушыларға төл дыбыстарымыздың жазылуы қиындық танытқан. Әсіресе, ә, ө, ұ сынды қазақ әріптерін апостроф, яғни, дәйекше арқылы таңбалау біраз уақыт алыпты. Бұл орайда дөңгелек үстелге қатысушы эксперт мамандардың айтары бар. М.Қозыбаев атындағы СҚМУ профессоры Жанар Таласпаева жаңа әліпбиге көшу барысында осы әріптерді сол қалпында қалдырса дейді.

Жанар Таласпаева – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ профессоры, филология ғылымдарының кандидаты:

– Ахмет Байтұрсыновтың сонау 20-шы ғасырдың басында ұсынған төл әріптеріміздің сол қалпында қалдырсақ деген идеялар туындап жатыр. Мұны өз басым қолдаймын. Себебі, бізге дыбысталуымыздың нақты беретін жазу керек.

Жиын соңында дөңгелек үстелге қатысушылар Президентке таныстырылған қазақ әліпбиінің екінші нұсқасы жайлы өзге ойларын да бідірді.

 

Култанов Байболат