Спорт

СҚО-да жазғы ат жарысы маусымы жабылды

Інжу Жантекей – Бәйтерек орта мектебінің оқушысы, Қызылжар ауданы:

– Асық ойнауды достарымызбен үйрендік. Өзімізге бұл ойын қатты ұнайды.

Бұл этно-ауылға облыс әкімі Құмар Ақсақалов ат басын бұрды. Өңір жетекшісі әр шатырды аралап, халыққа ас-дәм ұсынған тұрғындармен жүздесті.Міне, көрерменді көп күттірген жазғы ат жарысы маусымының жабылу салтанатына да келіп жеттік. Жиналғандардың назарына театрландырылған қойылым ұсынылуда. Ортаға Ағынтай, Қабанбай сынды қазақ батырларының рөлін сомдаған актерлер шықты. Олар халыққа ел қорғаған жауынгерлердің атақты Тайбурыл, Құла деп аталған аттарын таныстырды.

Кейін, тұрғындар жазғы ат жарысы маусымының жабылумен өңір жетекшісі Құмар Ақсақалов құттықтады.

Құмар Ақсақалов – СҚО әкімі:

– Біздің бабаларымыз ғасырлар бойы ұланғайыр аймақты атқа қорғаған. Сондықтан халқымыз ат спортына ерекше көңіл бөлген. Жастайынан атқа мінген, көкпарға түскен бала қайратты болып өскен. Бұл дәстүр ұзақ уақыт өтеседе сақталып келеді.

Бұдан соң көкпар басталды. Ортада петропавлдық “Тұлпар” мен солтүстікқазақстан облысы құрамасының жігіттері тартысқа түсуде. Білектілердің бәсекесі қызықты өтті. Алғашқы салымды қаламыздың көкпаршысы Еркебұлан Дүйсеков есімді азамат салды.

Кездесу 2 кезеңнен тұрды. Қос жиырма минуттықта да “Тұлпар” құрамасының көкпаршылары басымдық танытып, айқын жеңіске жетті. Бүгінгі шарада көрермендер алғаш рет “Жамбы ату” сайысын тамашалады. Ат үстіндегі мерген шауып келіп, нысанға садақпен оқ атты.

Жалпы, жазғы ат жарысы маусымының жабылу салтанатына өңіріміздің 38 атбегісі қатысып отыр.

Ольга Патошкина – жарыстың бас төрешісі:

– Дода арқылы биылғы маусымды қорытындыламақпыз. Осы жыл біз үшін сәтті өтті. Көкпардан облыс құрамасы жазғы респуюликалық “Ақ бидай” ойындарында тұңғыш рет 6-шы орынға ие болды.

Бұдан соң, “Теңге ілу”, “Қыз қуу” сынды ұлттық ойындар ойналды. Шара соңында Жорға жарыс, Ұшқыр бәйге мен Аламан бәйге ұйымдастырылды.

 

Култанов Байболат